АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАНАДЫ
29 қазанда Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандық мәслихаттарының босап қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі.
Дауыс беруге 12226 сайлаушы қатысады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді.
Жалпы, аталған мәслихаттардағы 4 депутаттық мандатқа 12 кандидат ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы – 46, ең үлкені 60-та, ең жасы 26 жаста. Тіркелген кандидаттардың қатарында 2 мектеп директоры, емдеу мекемесінің 3 қызметкері, 2 жеке кәсіпкер, 2 мұғалім, 1 мемлекеттік қызметкер, 1 саяси партияның, 1 қоғамдық бірлестіктің өкілі бар. Сайлауды ұйымдастыруға облыстық, 3 аудандық аумақтық, 4 аудандық округтік және 7 учаскелік сайлау комиссиялары атсалысады.
Аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеудің мерзімі 4 қазанда аяқталады. 5 қазаннан бастап кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарына кіріседі.
«Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына тең мөлшерде 153000 теңгеден қаражат бөлінген. Сайлауға әзірлік кезеңі ішінде сайлау комиссияларына сайлау заңнамасының бұзылуы туралы өтініштер келіп түскен жоқ», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов.