ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНА - 150 ЖЫЛ
Тамыры – терең, тарихы – кенен Қазалы қаласының атауына – 150 жыл. Мерейтой аясында биыл қаланы абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 434,3 млн. теңге бөлінген болатын. Орталықтан жастар алаңы салынды. Ардагерлер алаңы абаттандырылып, қаланың 150 жылдығына арналған монумент қойылды. Бүгінгі таңда қаланың 6 көшесіне түнгі жарықшамдар орнатылды. 5 көшені асфальттау жұмыстары жүргізілді. 4 көшеге бордюрлар мен жаяу жүргіншілер жолы салынды. 5 көшеге гравий тас төселді. Яғни, қалада 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, қаладағы спорт мектебінің ғимаратын жөнделіп, айналасы абаттандырылды.