Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ГОЛОВКИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ГОЛОВКИН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бокстан орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Елорда Инфо. "Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шын жүректен Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын! Осы уақытқа дейін тәуелсіз және өркендеп келе жатқан Қазақстанның нағыз символына айналған Астана бүгінде еліміздің жүрегі мен халық мақтанышына айналды. Елбасының жігерлі шешімінің арқасында бәріміз нағыз тарихтың куәгері болдық. Жаңа астананың пайда болып, қарыштап дамығанын көрдік, бүгінде ол даму жылдамдығымен әлемді таңдандырып келеді", - деп келтіреді Голвкиннің сөзін басылым.  Боксшы Қазақстанға келерде Астана бірінші қала екенін, сондықтан үйге оралумен байланысты болатынын атап өтті.  "Осындай айтулы күнде осында келіп, Астанамыздың расымен заманауи, әдемі және болашағы бар әлемдік астанаға айналып келе жатқанын өз көзімен көре алғаныма қуаныштымын. Осы бір салтанатты күні отандастарымның барлығына денсаулықтарыңыз мықты болсын, әр шаңырақта береке және сәттілік тілеймін!" - делінген Головкиннің құттықтауында.
05 шілде 2018 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам