Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕ, ТАТУЛЫҚ-ТҰҒЫР

БЕЙБІТШІЛІК – БЕРЕКЕ, ТАТУЛЫҚ-ТҰҒЫР

Биыл тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы – Астана қаласына 20 жыл толып отыр. Еліміздің жүрегіне айналған шырайлы шаһардың атаулы мейрамын атап өтуге санаулы ай қалды. Бұл күн бүгінде жалпыұлттық мерекеге айналып үлгерді.
   Еңселі Елордамыз осылайша келешекке нық қадам басып келеді. Еліміз үшін бүгінгі қуаныштың, дәл қазіргі шаттықтың орны ерекше.Қазіргі күнге дейін көптеген жарқын істердің куәсі болдық. Жоғары жетістіктерге қол жетті.
   Өркениетке бет түзеп, дамудың даңғыл жолына түсіп келеміз. Аз ғана жылда Ұлы даланың төрінен шырайы келіскен шаһар бой көтерді. Расында, жазиралы сары далаға зәулім-зәулім ғимараттар салып, шырайлы қала соғу тақыр жерге тау тұрғызғанмен бірдей ерлік емес пе? Он-он бес жыл бұрын қандай еді? Бүгін тоғыз жолдың торабында қанатын кеңге жайып, кемел болашаққа бет түзеген арман қала көз алдымызда жайнап тұр. Қазақстан дамуында Астана маңызды шешімдер мен бағдарламалар, жыл сайынғы халыққа жол тартатын Елбасы Жолдаулары қабылданатын іргелі орталыққа айналды.
   Арайлы Астана бүгінде тыныштық пен бейбітшіліктің биік үлгісін көрсетіп, төрткүл дүниені өзіне қаратты. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның шешімімен бейбітшілік қаласы деген абыройлы атақ берілді. Негізі, әлемде мұндай атаулар қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге қол жеткізе алған дүние жүзінің ең жас қалаларына ғана беріледі. Елордамыз Бразилияда өткен аталмыш байқауда барлық өлшемдер бойынша әлем елдерінің он екі қаласынан басып озғанынан хабардармыз.
   1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына енгенде халқымыз ерекше қуанышқа кенелді. Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды орталыққа айналу мүмкіндігі зор. Егеменді еліміздің қазіргі шекарасы бүкіл әлемдік қауымдастық мойындады. Тарихи кезеңдер Еуропа мен Азияның транзиттік күретамырын байланыстырған бас қаланың дамыған индустриялық өңір есебінде де кеңге жайыла бастады. Арқаның маңғаз даласынан бой көтерген қаланың жеткен жетістіктері де мұнымен шектеліп қалмады.
   ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұстап, ДСҰ-ға мүшелікке енгеніміздің өзі біздің еліміздің беделін биіктетті? Астанадағы дүниежүзі Көшбасшыларының басын қосқан саммит еліміздің әлемдік деңгейдегі абыройын арттыра түсті. Қазіргі таңда Астана Еуразия кеңістігінің халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін нағыз қайнаған ошағына айналды. Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, экономикалық форум және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Мәселен, 2011 жылдың басында Елорда VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Бұл тек қала емес, тұтас мемлекет мәртебесін асқақтатқан айтулы оқиға болғаны анық. Елбасы идеясымен іргесі қаланған Елорда осылайша қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекет тәуелсіздігінің символы мен жаhандық табысына айналғаны сөзсіз.
   Былтыр ғана өткен маңызды шараның бірі – EXPO-2017 көрмесі де еліміздің әлемдік аренадағы орнын айқындай түсті. Қазіргі таңда қуатты Қазақстанның символына айналған Астананың төрінде өткен аталмыш көрменің орны айрықша. Қазақ елін дүниежүзі етене тани түсуде бұл үлкен мүмкіндік болды. Соңғы жиырма жылда осындай ірілі-ұсақты жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындырған шырайлы шаһар тәуелсіздіктің бізге тартқан өлшеусіз сыйы. Үш ай бойы төрткіл дүниенің назарын өзіне аударып, тұтас ел осы бір ауқымды шараның абыройлы өтуіне атсалысты.
   Халықаралық көрмені өткізу құқығын Қазақстан 2012 жылдың 22 қаңтарында ие болды. Қабылданған бұл шешім бүкіл қазақстандықтарға сүйінші болып тараған еді. Франция астанасы – Парижде өткен халықаралық көрмелер бюросы отырысында мүше елдердің басым дауыс беруі нәтижесінде біздің еліміз оған лайық деп таныған-ды.
   – Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда – біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде қаланың даму динамикасына өте анық және бейнелі түрде баға беріп.
   Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін бұл қаламен еліміздің өскелең ұрпағының арманы мен үміті біте астасып жатқандай. Қараса көз тоймайтын әсем Астана бүгінде Қазақстанның мақтанышы мен ұлт пен ұлыстың бірлігін нығайтудың, елді біріктірудің нышанына айналып отыр. Алдағы уақытта да мұндай жарқын бастамалар мен толымды тірліктер Елорданың оң имиджін қалыптасыруға ықпал ете бермек.       
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
24 сәуір 2018 ж. 2 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам