Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН КАНН КИНОФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КЕШІНДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН КАНН КИНОФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КЕШІНДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ

   Канн халықаралық кино фестивалі аясында 8-19 мамыр күндері Қазақстанның Ұлттық павильоны отандық киноиндустрия өнімдерін ұсынады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әнші Димаш Құдайберген қатысып, ән шырқайды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлттық павильонда «Евразия» халықаралық кинофестиваліне таныстырылым өтеді. Еуразиялық нарық жобалары ұсынылып, әділқазылар, бағдарлама таныстыралады, кинонарық, қазақстандық фильмдерді дистрибьютерлік компанияларымен кездесу ұйымдастырылады. ҚР киноматографистерінің делегациясы баспасөз мәслихатын өткізеді», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Биыл Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» кинокартинасы, Синефондасьон бағдарламасында Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі қатысады. ACID бағдарламасы бойынша режиссер Ольга Коротьконың «Жайлы қыс», «Short Film Corner» бағдарламасы бойынша Венера Каиржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асам» қысқаметражды кинокартинасы көрсетіледі. Биыл екінші рет қазақстандық павильонның ашылуы өтеді. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жас, талантты қазақстандық режиссерлер өздерінің ең үздік туындыларын кинофестивальге апарады. Делегация құрамында мемлекеттік орган өкілдері, шығармашылық интеллигенция, Қазақстанның кино мен ТВ өкілдері, Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері бар. Ал 2018 жылдың 9 мамыры күні Hôtel Barrière Le Majestic Cannes ғимаратында «Канндағы қазақ кеші» атты ресми қабылдау өтеді. Шараға ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, атақты әнші Димаш Құдайберген, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі және өзгелері қатысады. Қазақстан ұлттық павильоны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ашылды.  
07 мамыр 2018 ж. 1 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 068 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам