БРАЗИЛИЯЛЫҚ ЖІГІТ ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТАН ҚҰЛАҒАН ИТТІ ҰСТАП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)
Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Рибейран-Прету қаласының тұрғыны тоғызыншы қабаттан құлап кеткен итті ұстап үлгерді.
Бразилиялық жігіт тоғызыншы қабаттан құлаған итті ұстап қалды
Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жоао Аугусто үйіне келе жатқанда көршісінің ши-тцу тұқымды итінің балконнан құлайын деп тұрғанын байқап қалды. Ол итті ұстап қалу үшін ғимарат күзетшісіне төсек жапқыш немесе сүлгі алып келуін өтінді. Бірақ керекті матаны әкелгенше бәрі тым кеш болды. Балконда салбырап тұрған ит құлап кетті.
Жануардың құлағанын көрген ер адам қолын созып, итті ұстап алды. Абырой болғанда жануарға ештеңе болмаған екен.
«Мен дұрыс жерде және қажет уақытында болдым деп ойлаймын», – дейді ол.
Оқиғадан кейін ит иесі мұндай оқиғаның алдын-алу үшін балконға тор орнатқан.
Айта кетейік, ши-тцу тұқымды иттің салмағы әдетте, төрт жарымнан 8 келіге дейін жетеді, ал бойларының ұзындығы 27 сантиметрден аспайды.