КЕШКІ КЕЗДЕСУЛЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН ЛОГИКАЛЫҚ ӘЗІЛ ЖҰМБАҚТАР
(3 кг)
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
(Есіміміз)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен)
Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады?
(Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп қойған кезде)
Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
(Сөздікте)
Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.)
Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады?
(Жол полициясы)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр?
(Сіріңке)
Бір бөлмеде 9 майшам жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып, таусылып жоқ болады
Үйдің ең суық жері?
(Сырты)