Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРАҚАТ ӘБІЛДИНА БОСАНҒАННАН КЕЙІН ДЕНЕ СЫМБАТЫН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІП АЛҒАНЫН АЙТТЫ

ҚАРАҚАТ ӘБІЛДИНА БОСАНҒАННАН КЕЙІН ДЕНЕ СЫМБАТЫН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІП АЛҒАНЫН АЙТТЫ

  Қарақат Әбілдина өзін “фигуралы” әншілердің қатарына жатқызбайды. Өнер иесі, тіпті ұл-қызының тойына дайындық барысында артық салмақ мәселесіне бас қатырмапты. Дегенмен көпшілік Қарақаттың бір жылда формаға келіп алғанын айтып, таңдануда.

Бұл орайда Әбілдина босанғаннан кейін қалай арықтағанын айтты. Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Қатты фигура мәселесіне алаңдап, соған қам жейтін адамдардың қатарынан емеспін. Бірақ сахна адамы болғаннан кейін кішкене өзіңнің жарасымды болып жүруің – міндетің. Ол солай болуы керек. Формаға кіру процесі – Қарақат мектеп студиясының 10 жылдық концертіне дайындық барысында жүрді. Бірақ салмақты сол кезде қудым. Ол арнайы арықтайын деген мақсат болған жоқ. Тек жүгіріс, қарбалас болды.
Өнер адамдары дайындық кезінде аз уақыт ішінде қалай сыптай болып жиналып алатынымызды өзіміз білмейміз. Спорт залға бардым, диетаға отырдым, салмақ қудым десем, ол – өтірік. Балам өзі 1-ге жақындаған кезде табиғат өзі жинақтайды мені. Жағаң бос, жұмыс жоқ, жатыс көп болған кезде әрине, ол кезде салмақты қосасың. Сондықтан да үнемі қимылда жүру шығар. Той жасаудың өзі үлкен еңбек. Бірақ мен өзімді эстрадада, шоу-бизнесте фигураммен көрерменді жаулаған, фигураммен үлгі боп жүрген қыздардың қатарына жатқызбаймын”, – деген Қарақат өзінің атынан түрлі арықтататын дәрілерді жарнамалап жүргендерге ренішін жеткізді.
“Мені көрермен қабылдаса әнім арқылы, өзім қалай бармын солай қабылдайды. Көрермендерге өтініш, жаңсақ пікірден аулақ болса екен. Дәрі жарнамалап жүргендермен ұрысатын да, соттасатын да, жауап жазатын уақыт жоқ. Олар көп. Бірақ неге мені жазады екен деп таңғаламын. Фигурасы әдемі қыздарымыз көп қой, неге мен деп ойланамын өзі?! Мен қай уақытта өзімнің керемет дене бітіміммен, ашық киініп, жабыстырып киініп, елді өзіме қаратып едім. Осы нәрсемен байланыстырып қойғанына кейде өкпелеймін де”, – деген Қарақат тыңдармандарын тағы да алданып қалмауға шақырды.
24 мамыр 2018 ж. 2 012 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам