Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ - ҚАРМАҚШЫДА

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ - ҚАРМАҚШЫДА

   Бүгін Қармақшы ауданына арнайы іс сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаттары Смағұл Бақытбек және Шиповских Геннадий Геннадиевич аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесуі өтті.
 Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е. Меңлібаев ашып, жүргізіп отырды. Жиын мақсаты - Елбасымыздың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және 5 наурыз күні «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіндегі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарын насихаттау болып табылды. Жиын барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаты  Смағұл Бақытбек бүгінгі таңда көтерілген мәселелердің барлығы Қазақ елі үшін өте өзекті болып табылатынын, жүзеге асырылатын бастамалар еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігін жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Е. Меңлібаев  ауданымызда Елбасы Жолдауынан және Үндеуінен туындайтын міндеттер бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша тиісті жұмыстар атқаралып, жаңа әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп отырғандығына тоқталып өтті.



Аудан әкімінің баспасөз хатшысы А. Қозыбақов
12 шілде 2018 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 342 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам