ВИТЕБСК ҚАЛАСЫНДА РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ “ЖҰЛДЫЗЫ” ПАЙДА БОЛДЫ (ВИДЕО)
Роза Рымбаева Беларусь елінің Витебск қаласында сапарлап жүр. Халық артисінің жат елде жүруі бекер емес. Ол кезінде Димашқа жеңіс әкелген “Славян базары” байқауында төрелік етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл орайда Беларусь елінің президенті еліміздің примадоннасына ерекше сый жасаған. Бұл туралы Рымбаева өзінің желідегі парақшасында жазды.
“Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің құрметіме аталған жұлдыз ашылды. Славян базары өнер фестивалін ұйымдастырушыларға және ел президенті Лукашенко мырзаға тамаша идеясы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен бақыттымын. Әрқашан да сіздердің Розаларыңыз”, – деді ол.
Әріптестері өнер иесін кезекті жетістігімен құттықтап та үлгерді. Мәселен, Тамара Асар Рымбаеваның бұл жетістігін күллі қазақ елінің жеңісіне балады.
“Сүйінші, құрметті отандастар! Бүгін Славян базары фестивалі аясында, Витебск қаласында “Жұлдызды Алаңда салтанатты түрде Қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Қуанышқызы Рымбаеваның жұлдызы ашылды. Жұлдызы жарқыраған жұлдызымыз айқындана түсті. Қуаныштымын сіз үшін, қазақ елі үшін! Құттықтаймын сізді!” – деді ол.

“Ура, ура, құттықтаймын! Роза Рымбаеваның өз жұлдызы бар”, – деп құттықтады Ләйлә Сұлтанқызы.