АРАЛДАҒЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТОЙЫ
Бүгін Қамбаш көлінде Арал балықшыларының IV слеті өтті. Теңіз тұңғиығынан маржан терген еңбекшілердің мерекесін тойлау 2015 жылдан бастап жалғасып келеді.
Дәстүрге айналған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты шарада бұрын балық аулауда қолданылған құрал-жабдықтар мен кешегінің көзіндей болған құнды жәдігерлер көрмеге қойылып, теңізден ауланған сан алуан балықтар сөреден орын алды.
Айтулы мерекеде балықшыларды құттықтаған Қырымбек Көшербаев: "Аралдың арнасының толуы ата кәсіпті жалғаушылардың теңіз маңына қайта табан тіреуімен тығыз байланысты. Ғасыр жобасына баланған САРАТС-тың кезең-кезеңімен орынлдалуы балық шаруашылығын жетілдіруге септігін тигізуде", - деді.
Шара барысында балық шаруашылығында жетістікке жетіп жүрген, жемісті жұмысымен көзге түскен бірқатар азамат облыс әкімінің алғыс хатымен мараптталды. Сонымен қатар түрлі номинация бойынша елеулі еңбек еткендерге ноутбук пен тұрмыстық техникалар сыйға берілді. Жиын барысында балықшылардың өмірінен сыр шертетін көріністер қойылса, әншілер ән мен жырдан шашу шашты.
Балықшылар тойына арнайы келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Ибрагимов Арал жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады. Ал қоңыр даусымен тыңдаушылардың жүрегін баурай білген Нұрлан Өнербаев жағажай маңын әсем әнге бөледі. Әнші Серік Ибрагимов мерекелік кеш қызығын артттыра түсті. Осылайша дәстүрге айналған балықшылардың төл мерекесі биылда өзіндік сән-салтанатымен ерекше аталып өтті.