АУЫЛ ЖАСТАРЫ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Күнделікті кешкі сағат 20:00 мен 23:30 аралығында футбол алаңында бастары қосылатын ауыл жастары көршілес С.Сейфуллин ауылындағы замандастарымен футболдан жолдастық кездесу өткізді. Тартысты өткен спорт бәсекесі жоғары деңгейде өтіп, қос команда 6/6 есебімен тең түсті.
Спорттық іс-шара арқылы қос ауылдың жастарының байланысы артып, өзара пікір алмасты. Сәулеті келіскен көрікті ауылда алдағы уақытта да осы тектес іс-шаралар жалғасын табатын болады.