Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ТУР ДЕ ФРАНС» ЖАЛПЫ ЕСЕБІНДЕ ТОП-7-ГЕ КӨТЕРІЛДІ

«ТУР ДЕ ФРАНС» ЖАЛПЫ ЕСЕБІНДЕ ТОП-7-ГЕ КӨТЕРІЛДІ

    105-ші «Үлкен жол» маршрутында Аррастан Рубэге дейінгі 156,5 шақырым қашықтыққа созылған жарыстың тоғызыншы кезеңі ең маңызды кезеңдердің бірі болды, - деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА astanaproteam.kz-ке сілтеме жасап.
Якоб Фульсанг жарыстың ақтық сынында құлағаннан кейін, команда өз көшбасшысын негізгі топқа жеткізу үшін барын салды. Сондай-ақ, Омар Фраиле де финал жақындағанда «Астана» капитанына көмектесу үшін пелотонға оралды. Нәтижесінде, «Астана» үшін барлығы ойдағыдай өтті. Якоб Фульсанг Танел Кангертпен бірге жалпы есептің қалған жарысушыларымен бірге бір топта мәре сызығын кесіп өтті. «Осы кезеңнен кейін екі түрлі сезімді бастан кешірдім. Бір жағынан, бұдан да жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, қарсыластарымнан уақыт ұтқым келді. Бірақ, мен қолымнан келгенінің барлығын жасап, финалға дейін күрестім. Финалда күшім қалмады. Не болса да, бұл кезеңді жақсы өткізіп, жалпы есепте екі позицияға көтерілдім. Мен қашықтықтың ортасына жеткенде құлап қалдым, бірақ команда қасымда болып, топқа қайтарды. Жалпы, бәрі жақсы өтті», - деді Якоб Фульсанг. Тоғызыншы кезеңнің тағдырын үш жарысушы шешті. Рубэдегі спринтте неміс Джон Дегенкольб бельгиялық Грег Ван Авермат пен Ива Лампартты басып озды. Бүгінгі кезеңнің қортындысы бойынша, «Астана» командасының капитаны «Тур де Франс» жалпы есебінде 7-орынға көтерілді.
16 шілде 2018 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам