Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » УСЭЙН БОЛТ ФУТБОЛШЫ МАНСАБЫН БАСТАУ ҮШІН КЛУБ ТАПТЫ

УСЭЙН БОЛТ ФУТБОЛШЫ МАНСАБЫН БАСТАУ ҮШІН КЛУБ ТАПТЫ

   100 метр жүгіруден Олимпиада ойындарының сегіз дүркін чемпионы ямайкалық Усэйн Болт футболшы мансабын бастау үшін клуб қарастырып жүр, - деп хабарлайды Daily Express. "Жарақат артта қалды, қазіргі жағдайым жақсы. Наурызда дортмундтық "Боррусияда" сынақтан өтетін боламын. Соның нәтижесінде менің футболшы мансабымды бастау не бастамау шешілгелі тұр. Егер "Боррусияда" маған сәл жаттықсаң барлығы да жарап тұр десе, мен солай істеймін", - деді ямайкалық спринтер.  Сонымен қатар, Болт "Манчестер Юнайтед" сапында өнер көрсетуді армандайтынын да жасырмады. "Мен Алекс Фергюсонмен сөйлестім, мен үшін бір ауыз жақсы пікір қосуын сұрадым. Ол маған денсаулығым дұрыс болып, жақсы формада болсам, бірдеме істеп көруге болатынын айтты", - деді ол.  Маусымда жеңілатлет "Боруссияда" жаттығатынын айтқан еді. 2017 жылы тамызда ол Лондонда өткен әлем біріншілігіне эстафета жарысына қатысқан еді, алайда жарақатына байланысты мәре сызығын кесіп өте алмады. Соған қарамастан 100 метр қашықтыққа жүгіруден ол қола медальді иеленді. Осы турнир Болттың спорттық мансабындағы соңғы жарысы еді. 
09 қаңтар 2018 ж. 1 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам