ЕРТЕ ТҰРУДЫҢ АМАЛЫ

◊ 1-минут: көзіңізді ашқанда жақын жандарыңызды ойлап, күлімсіреңіз.
◊ 2-минут: бірнеше рет терең дем алып, ағзаны оттегімен толтырыңыз, содан соң ақырын керіліңіз.
◊ 3-минут: желкеге, самайға, қас пен құлақ ұшына массаж жасап, алақаныңызды бір-біріне үйкелеңіз, бұл қан айналымын жақсартады.
◊ 4-минут: баяу отырып, бір стақан су ішіңіз. Бұл ағзадағы су тепе-теңдігін қалыпқа келтіріп, зат алмасуды жыладмдатады.
◊ 5-минут: төсектен тұрып, пердені ашып, бөлмені жарыққа толтырыңыз да, өзіңізге «Қайырлы таң» тілеңіз.
Одан кейін душ қабылдап, жаттығу жасап, медитация жасап, таңғы ас ішіңіз. физикалық белсенділік пен контрастты душ адреналинді көбейтеді, тойымды таңғы ас метаболизмді оятады, медитация жаңа күнге жақсылықпен бейімделуге көмектеседі. Таңды жарқын түстер мен хош иіске толтырыңыз. Мысалы ботқаны қызғылт-сары түсті тәрелкеде жеуге болады. Үйге цитрус иісін шашып қойыңыз. Барлығын кешке дайындап алыңыз. Киім үтіктеу, жұмысқа алып кететін тамақты ыдысқа салып дайындау секілді істерді таңертеңге қалдырмай, жоспар да құрып үлгеріңіз. Таңертең тұрғыңыз келмеуге бір себеп болатын осы – атқарар істің көптігі. Радио, теледидарды қоспаңыз. Жаңалықтар мен жарнамалар көңіл күйді түсіреді. Сүйікті әндеріңізді қосып, қуаттаныңыз. Таңға дұрыс дәстүр қалыптастыру арқылы оянғаннан жаңа күнге күліп қарайсыз. Сонда сізге ешқандай оятқыштың да қажеті болмайды.
Интернет материалдары негізінде дайындалды.