Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ХОРВАТИЯ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ӘЧ-НАН АЛҒАН ТАБЫСТАРЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БЕРДІ

ХОРВАТИЯ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ӘЧ-НАН АЛҒАН ТАБЫСТАРЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БЕРДІ

   Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының барлық ойыншысы Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатынан алған бүкіл сыйақысын Балаларға көмек қорына табыс етеді. Бұл туралы Фейсбукте команда бас бапкері Златко Далич мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрама команда және барлық ойыншылар Әлем чемпионатынан алған ақшалай сыйақыларының барлығын Хорватияның балаларға көмек арнайы қорына табыстайды. Бұл қор Хорватияның өмірінде Адриат теңізін көрмеген әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын теңіз жағасында өткізуін қаржыландырады (...)Хорват балалары ең болмағанда жеті күн теңіз жағасында демалу мүмкіндігіне ие. Бұл - футболшылардың балалар үшін істей алатын амалдарының бірі. Хорватияның барша азаматтарына Әлем чемпионы титулын елге әкелу үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз деп уәде береміз», - деп жазды Златко Далич.

Айта кетейік, Хорватия Балқан түбегінде орналасқан ел. Батысы мен оңтүстік-батысында Адриат теңізімен шектеседі.

Еске сала кетейік, Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Хорватияға ФИФА 28 млн доллар сыйақы беретінін хабарлаған едік.

Францияға қарсы өткен финалдық ойын қарсаңында Хорватияның жартылай қорғаушысы Анте Ребич өз ауылдастарының барлығының несиесін жауып берген болатын.
22 шілде 2018 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам