Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ТОЛЫҚТАЙ АНЫҚТАЛДЫ

2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ТОЛЫҚТАЙ АНЫҚТАЛДЫ

  2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алған барлық құрама белгілі болды. Естеріңізге сала кетелік, турнирде барлығы 32 команда бақ сынайды.
Дүниежүзілік додаға Еуропадан Англия, Бельгия, Германия, Дания, Исландия, Испания, Польша, Португалия, Сербия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Франция шықты. Ал Оңтүстік Америкадан Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай әлемдік бәсекеге келеді.
Азия құрлығынан Австралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония бақ сынайды. Ал Африкадан мундиальға Египет, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал, Солтүстік Америкдан – Мексика, Коста-Рика және Панама келеді.
2018 жылғы әлем біріншілігі финалдық кезеңінің жеребесі үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанында тартылады. Айта кетелік, мундиальдың өзі 2018 жылдың 14 маусым-15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өткізіледі.
Атап кетерлігі, Панама мен Исландия құрамалары әлем біріншілігіне тұңғыш ет қатысып отыр. Қалғаны бұрын бұл бәсекеде бақ сынап үлгерген.
16 қараша 2017 ж. 1 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 032 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам