Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АТЫРАУЛЫҚ 9 ЖАСАР ҚЫЗ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АТЫРАУЛЫҚ 9 ЖАСАР ҚЫЗ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Атыраулық 9 жасар шахматшы Зарина Нұрғалиева Шри-Ланканың Калатура қаласында өткен сайыста топ жарып, Азия чемпионы атанды. Отандасымыздың жетісітігі туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Атыраулық 9 жасар қыз шахматтан Азия чемпионы атанды
Облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиев хабарлағандай, 8-15 шілдеде Шри-Ланканың Калатура қаласында 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында 14-ші Азия чемпионаты өтті. Оған 16 елден 400-ден астам жас шахматшылар қатысты.
Бұл сайыста қазақстандық оқушылар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды. Атыраудан келген Зарина Нұрғалиева рапид және блиц әдісі бойынша алтын медальдың иегері атанды. Сондай-ақ, атыраулық тағы бір мектеп оқушысы Аян Абдуллаев командалық жарыста «қола» медальды жеңіп алды.
Атыраулық 9 жасар қыз шахматтан Азия чемпионы атанды
Кеше Атырау теміржол вокзалында еліміздің атын әлемге танытып келген жас жеңімпаздарды облыстық спорт басқармасының қызметкерлері мен туған-туыстары салтанатты түрде күтіп алды.
Атыраулық 9 жасар қыз шахматтан Азия чемпионы атанды
«Атыраулық үш спортшымыз да өте жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биылғы құрлық чемпионатына жан-жақтан қатысушылар көп келді. Оның өзі жылма-жыл бәсекелестіктің артып келе жатқанын көрсетеді. 9 жасар Заринаның шахматпен айналысып жүргеніне екі жылға жақындап қалды», – дейді жаттықтырушысы Жәнібек Аманов.
Атыраулық 9 жасар қыз шахматтан Азия чемпионы атанды
Айта кетейік, бүгінгі күні шахматтан Азия чемпионы атанған Заринаның бұл шетелдегі алғашқы жарысы. Жас шахматшы соған қарамастан ең үздік атанып отыр. Облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Сабырбай Гайсин Атырауда шахмат спорты өте жақсы жолға қойылғанын атап айтты. Ел біріншіліктерінде спортшыларымыз табысты нәтиже көрсетіп жүр.


20 шілде 2018 ж. 1 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам