СЫР ӨҢІРІНДЕ СЕРПІНДІ ІС КӨП
Осы аптаның сәрсенбісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында аймақта үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмыстар жайында айтып, алдағы мақсаттар мен міндеттер жөнінде әңгімелеп берді.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында республика бойынша Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өндірудің 2017 жылғы қорытындысы шығарылды. Бұл көрсеткіш - аймақтың барлық сала бойынша экономикалық іс-қимылының жылдық қорытынды нәтижесі. Сонымен, 2017 жылы облыста жалпы құны 1,5 трлн. теңгенің өнімі шығарылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға көп.
– Біз Жалпы өңірлік өнім бойынша соңғы 4 жылда, алғаш рет оң векторға шықтық. Бір ғана өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі осы жылдары 56%-дан асып түсті. Яғни, соңғы жылдары көмірсутегі және уран өнімдерінің бағасы түсіп кеткеніне қарамастан, жақсы өмір сүріп, қарқынды дамуға болатынын біз дәлелдедік. Қазір өңір экономикасының көмірсутегі шикізатына тәуелділігі едәуір азайды. Айтарлықтай төмендеді. Биылғы жартыжылдық та облысымыз үшін табысты болды деп айта аламын. Барлық макрокөрсеткіштер бойынша жағымды оң динамикаға қол жеткіздік. Оның ішінде инвестициялар көлемі (117,2%), құрылыс жұмыстары (115,9%), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (102,7%) және өңдеу өнеркәсібі көлемі (100,5%) жоғары, – деді облыс басшысы.
Ал, өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек өнімділігі биылғы бірінші тоқсанның өзінде 10%-дан асса, шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 2,7 есеге көбейді.
Индустрияландыру картасының аясында өңірде 22 жобаны жүзеге асырылды, қазір оның 16-сы бойынша өнім өндіріліп, 1700 адам жұмыспен қамтылып отыр. Биылғы 6 айда осы жобалар шеңберінде жалпы құны 11 млрд. теңгеден астам өнім шығарылды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30%-ға артық. Ал, осы Карта жобалары негізінде өндірілген өнім экспорты 37% -ға көбейген.
– Шыны зауыты бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың IV тоқсанда аяқталады, ал, желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін телекөпір барысында зауыт пешін іске қосамыз. Біз, негізінде, пешті іске қосуды осы шілде айына жоспарлаған болатынбыз. Алайда, біздің өкілеттігімізден тыс жайттарға байланысты (инвесторлар арасындағы проблемалардың себебінен) зауытты іске қосу мерзімін кейінге шегеруге тура келді, – деді облыс әкімі.
Айтқандай, Қытайдың шыны өндіретін зауыт салудан мол тәжірибесі бар трансмемлекеттік «Чайна Триумф» компаниясы осы шыны зауытының құрылтайшылар құрамына өткен айдан бастап кірді.
Сондай-ақ, тампонажды цемент өндіретін зауытты да іске қосу көзделіп отыр. Басқа да ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар қатар жүруде. Атап айтқанда, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында әзірлік жұмыстарын аяқтап, кен-байыту комбинатының құрылысының қаржыландыру мәселесі толыққанды шешілді, жұмыс басталды. «Баласауысқандық» ванадий кен орнында жыл соңына дейін айына 10-нан 50 тоннаға дейін ванадий бестотығын өндіру көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Биыл маусым айында кальцийлендірілген сода шығаратын республикадағы ең ірі зауыттың қазығы қағылды., 2020 жылы зауыт іске қосылады. Түрік инвесторларымен бірігіп керамикалық плиталар мен керамогранит өндіру жобасы бойынша жұмыс нәтижелі жалғасуда.
Облысымыздың қашаннан аграрлық өңір екендігін ескерсек, жұмыстың келесі бір ірі ауқымы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіледі. Осы орайда, облыстың аграрлық секторы дамудың жақсы қарқынын көрсетіп отырғанын атап көрсетуіміз керек.
– Ағымдағы жылы Қызылорда қаласында Испан технологиясы бойынша жұмыс істейтін автоматтандырылған алғашқы жылыжай кешені салынады. Бұдан басқа, Шиелі ауданында тағы да 20 жылыжай салу жоспарланып отыр. Бұл маусымаралық кезеңде халықты жаңа өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңақорған ауданында түрік инвесторларының қатысуымен қызанақ өсіретін ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазір қызанақтың Түркия елінен әкелінген сорттарына сынақ жүріп жатыр. Жыл соңына қарай Қызылорда қаласында ет комбинатын салуды бастаймыз («Сыр Маржаны» ЖШС).
Балық шаруашылығы қайтадан экономиканың маңызды саласының біріне айналып отыр. Балық аулау соңғы бес жылда екі есе өсті. Бүгінгі таңда бізде 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды, олардың төртеуінің еврокоды бар. Нәтижесінде, балық өнімдерін экспорттау осы жылдары 8 есеге өсті! Ағымдағы жылдың басынан бергі экспорттың көлемі 32%-ды құрады. Міне, сондықтан да табиғи су қоймаларының балық қорын пайдаланумен қатар облысымызда тауарлық балық шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылданып, саланы, өзім айтқандай, бөлек кластер етіп бөлу және оны жүйелі
Сырдария өзені бассейнінде автоматтандырылған су есептеу жүйесін құруды қарастыруды көзделіп отыр. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біз облыста тағы да екі су қоймасы – "Қараөзек" және "Күміскеткен" су қоймалары құрылысының мәселелерін әзірлеудеміз. "Қараөзек" су қоймасы 1,5 млрд текше метр суға дейін жинақтайды, яғни, жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз жіберіліп жатқан, су аз кезеңде егіс
Біз ерекше назар аударып отырған келесі мәселелер тобы – жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту. 2018 жылдың 6 айындағы жұмыстардың қорытындысы: 7000-нан астам адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылды, 20400-ден астам адам нәтижелі жұмыспен қамтылды, 20000-ға жуық азаматтың қызметі заңдастырылды, олардың 17000-ға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісім шарттарын жасасты және 3000-нан астам адам мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін бастады. Соның нәтижесінде, жыл басынан бері бізге өнімсіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдардың санын 27 мыңнан астам адамға азайтуға қол жеткіздік және бұл көрсеткішті 70 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
– Әрине, бұл жерде шағын және орта бизнесті дамыту үлкен рөл атқарады. Ол - әлеуметтік аз қорғалған адамдардың санын азайтудың өте тиімді тәсілі. Сондықтан да, біз 2014 жылы өзінің икемді кепілдік саясаты бар, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздарды несие ресурстарымен қамтамасыз ете алатын Аймақтық инвестициялық орталық құрдық. Бір ғана биылғы жылдың өзінде Аймақтық инвестициялық орталықты қаржыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылды және 540-тан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды, – деді облыс басшысы.
Өткен жылмен салыстырғанда үстіміздегі жылы мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсімінің 34%-ға артуын экономикадағы оң динамиканың нәтижесі деп бағалауға болады. Оның ішінде жергілікті бюджет көлемі 48%-ға артты. Бүгінгі таңда облыс бюджеті 250 млрд теңгеден асып түсті. Естеріңізде болса, біз жыл басында бекіткен бюджеттің көлемі 220 млрд. теңге болатын. Қызылорда облысы бюджетінің тарихында бұндай көрсеткіш алғаш рет болып отыр. Ол 2013 жылғы бюджеттен 71 млрд. теңгеге, өткен жылдың бюджетінен 26 млрд. теңгеге көбейген.
– Білім саласында үстіміздегі жылы 15 нысан пайдалануға беріледі. Жыл басынан бері 4 мектеп және 6 балабақша пайдалануға берілді. Тағы 4 мектеп және балабақша екінші жартыжылдықта пайдалануға беріледі. Білім берудің сапасын арттыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Біз 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіп келеміз. Жергілікті түлектердің жоғарғы және арнайы оқу орындарына түсу көрсеткіші былтыр 97 пайызға жетті, бұл - мақтануға лайық көрсеткіш. Биыл да қорытынды жаман болмас деген ойдамыз, – деді облыс әкімі.
Биыл денсаулық сақтау саласында жалпы адам өлімінің көрсеткіші 1,5 %-ға азайды, қатерлі ісіктен болатын өлім саны 10,4%, қан айналым жүйесінің бұзылуынан болатын өлім саны 9,4% төмендеді. Әсіресе, сәби өлімі санының былтырғы жылмен салыстырғанда 14,3 %-ға төмендегені қуантады.
Биыл бірден спорттық 8 нысанды іске қосуды жоспарланып отыр. Оның 3-еуі Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылында, Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде және Қармақшыдағы Төретам ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Қалған бес нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқталады.
Ағымдағы жылдың басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Былтырғы жылғы осы кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үй көлеміне биыл аздап жетпейтіндігін бұған дейін де айтып өттім. Дегенмен, бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1726 пәтерлік 42 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның кем дегенде 36-сын ағымдағы жылы пайдалануға береміз, оның ішінде Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында бірден бір шағын аудан – 16 көппәтерлі тұрғын үйді беруді жоспарланып отыр.