Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?

МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин ата-аналарға балаларды мектепке даярлау бойынша кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас санитарлық дәрігер сөмке мен оқулықтардың салмағы жайлы айтты.  "Мен ата-аналарға сөмке таңдауға кеңес бергім келеді. Бұл маңызды мәселе - денсаулықтың кепілі, бастауыш сыныпта оқитындар үшін жүріс-тұрысын қалыптастырушы құрал. (...)

 Қатты конструкциядан жасалған болуы тиіс, ол иыққа батпайтындай және баланың жүрісін реттеуі тиіс. Мектеп оқушыларының сөмкесінің ұстағышы екі иыққа тағылуы тиіс, олар жалпақ әрі жұмсақ болғаны абзал. Сөмке бос кезінде бір келіден аспауы тиіс", - деді Бекшин ОКҚ баспасөз мәслихатында.  Сондай-ақ санитарлық дәрігер оқулықтардың салмағына да қатысты кеңес берді.  "Оқулық салмағы баланың жас мөлшеріне байланысты нормаланған. 1-4 сыныптағы балалардың оқулықтары 300 грамнан аспауы тиіс, 5-6 сынып - 400 грамм, 6-7 сынып - 500 грамнан аспауы тиіс, жоғарғы сыныптар үшін 60 грамнан аспағаны жөн. Осы мәселені біз әрдайым бақылауда ұстаймыз", - деді ол.  Оның айтуынша, салмақтың көп болуы сколиоз, остеохондрозға душар етуі мүмкін.  Сонымен қатар, Бекшин мектеп формасы жайлы да айтты. "Мектеп формасы гигиеналық нормативке сәйкес болуы керек, синтетикалық материалдардың үлесі қажетті мөлшерден аспауы тиіс", - деді Бекшин.
24 шілде 2018 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам