Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАНДАЙ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАНДАЙ?

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгерді. Осы және өзге де зейнетақы төлеу механизмдері мен әлеуметтік төлем жүйелеріндегі өзгерістер туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облысымыз бойынша департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов баспасөз мәслихатында кеңінен тоқталды.
Жиында департамент басшысы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалуы барысына да тоқталды. Қазіргі таңда базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалады. Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған еңбек өтілін және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі кезеңдерін есепке алады.
– Облыс бойынша 69,2 мыңнан астам зейнетақы алушылардың көбейтілген базалық зейнетақы төлемдерінің шешім жобалары уақытылы бекітіліп, шілде айының төлеміне қосылды – деді Т.Жолымбетов.
Қазірдің өзінде республика бойынша 2 миллионнан астам зейнеткер үшін төлемдерге қажеттілігі анықталды. Республикалық бюджет комиссиясы бұл мақсатқа 530 млрд теңгеден аса қаржы қарастырып отыр. Барлық базалық зейнетақы төлемін алушылар тікелей электрондық үкіметтің сервистері арқылы зейнеткердің жаңа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы анықтамалар есептерімен таныса алады.


Биболат Сағындықұлы
24 шілде 2018 ж. 1 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам