Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАҒАЗ НҰСҚАДАҒЫ 086 АНЫҚТАМАСЫНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛАДЫ

ҚАҒАЗ НҰСҚАДАҒЫ 086 АНЫҚТАМАСЫНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛАДЫ

   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмыс берушілерге №086 үлгідегі қағаз түріндегі анықтамаларды қабылдамауды ұысынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Белгілі болғандай, қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізу шараларын пысықтап жатыр.
«Біз Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне ұсыныстар бердік. Қазіргі кезде «086» анықтамасы бойынша ақпараттық база құрылды. Емханалар медициналық тексеруден  өткендер туралы барлық мәліметтерді (электрондық нұсқада) енгізіп жатыр. Енді осыны нормативтік тұрғыда бекіту керек, яғни жұмыс беруші адамды қызметке қабылдаған кезде осы базадан қарай алады. Яғни қағаз түріндегі анықтамалардың заңды күші болмайды. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып қалады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева.
Оның сөзіне қарағанда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасымен, Астана әкімімен кездесу барысында аталған ұсынысқа Денсаулық сақтау министрі оңтайлы жауап берген.
Айта кетейік, бүгінде түрлі үлгідегі медициналық анықтамалар интернетте еркін саудаланып жатыр. Ресми мәліметтерге қарағанда,  Қазақстанда орташа есеппен алғанда күніне жалған 10 анықтама беріледі.
26 шілде 2018 ж. 1 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам