СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ІНДЕТІ

Жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындыларына сәйкес Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындаудың бірінші кезеңі шараларын әлеуметтік қолдау өскен. Мысалы, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім деңгейі 2015 жылы 57,9 пайыз, орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына 64,8 пайыз, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына 51 пайызды құраған. Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтар үлесі 17,9 пайызға өскен.
Облысымызда биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 39 сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған. Берікбол Ұзақұлы бұл көрсеткіштің былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға төмен екенін айтты.
Биболат Сағындықұлы