Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАПОНИЯНЫҢ «АСАХИ СИМБУН» ГАЗЕТІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАПОНИЯНЫҢ «АСАХИ СИМБУН» ГАЗЕТІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ

  Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жапонияның жалпыұлттық «Асахи симбун» газетіне сұхбат берді. Онда аймақ басшысы әлемді алаңдатқан Арал теңізінің мәселесі туралы айтып берді.
«Арал дағдарысы (кризис) - бұл табиғи ресурстарға жауапсыздықпен қараудың бір мысалы. Әрине, мақта егу керек, күріш егу керек, суармалы жерлерді дамыту керек, алайда, бұл экология мен адамдардың денсаулығына түзетілмес зиян жасау керек дегенді білдірмейді. Экологиялық проблемалардың бүгінгі күні барлық елдерде бар екенін айтқым келеді. Теңіз, бейнебір, адамдардың теріс әрекеттеріне ренжіп кетіп қалғандай тәрізді. Енді біз өзіміздің дұрыс әрекеттерімізбен оның тым болмаса бір бөлігін қайтарып алуымыз керек. Біз өзімізді табиғаттан жоғары санадық. Енді құндылықтарды қайта бағалау жүріп жатыр деген ойдамын», - деді облыс әкімі.
Қазір Аралды қайта қалпына келтіру бойынша халықаралық деңгейде талқылауға мүмкіндік бар. Өңір басшысы атап өткендей, Орта Азия мемлекеттерінің экономикасы біршама нығайды. Енді Аралмен байланысты экологиялық проблемаларды талқылауға мүмкіндік туып отыр.
Айта кетейік, жуырда ортаазиялық бес мемлекеттің басшылары өздері құрған Аралды құтқару қорының 25 жылдығы атап өтілетін саммитке қатысады.
Жапон басылымының назарын аударып отырған Арал теңізіне қатысты мәселелер – облыс әкімінің іс-қимылының басты бөлігі.
27 шілде 2018 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам