Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІ: АЛМАТЫЛЫҚ БОЙЖЕТКЕН 2 АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІ: АЛМАТЫЛЫҚ БОЙЖЕТКЕН 2 АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

   Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.
Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті.  Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деді қалалық соттан.
Айта кету керек, ҚР ҚК 434-бабы бойынша, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағаны үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, бойжеткен күдікті ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталуда. Егер оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 1000 АЕК, яғни 2 млн 405 мың айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін сотталады.
Еске салсақ, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.
2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.
Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Кейін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.
Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген.
Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.
27 шілде 2018 ж. 2 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам