Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА «БАЛАЛАР ЕВРОВИДЕНИЕСІ» БАЙҚАУЫНА ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРДІ ІЗДЕП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАНДА «БАЛАЛАР ЕВРОВИДЕНИЕСІ» БАЙҚАУЫНА ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРДІ ІЗДЕП ЖАТЫР

   Жақын арада Қазақстан атынан балаларға арналған «Евровидение-2018» ән байқауына қатысатын үміткерді іріктеу басталады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Алан Әжібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл өнер додасы 25 қараша күні Беларусь астанасы Минскіде өтеді. Оған 9 бен 14 жас аралығындағы жас әншілер қатысады. «Хабар» арнасы балалар арасында өтетін «Евровидение-2018» ән байқауын көрсету құқығына ие болды. Бұл халықаралық шараға Қазақстан алғаш рет қатысқалы отыр. Осы байқауға 19 мемлекет қатысады. Қазіргі кезде агенттік пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі елімізде іріктеу жүргізудің бірнеше нұсқасын қарастыруда. Әрбір талантты баланың қатысуға мүмкіндігі болуы үшін барынша оңтайлы жағдайлар жасалмақ.

Байқауға қатысудың тиісті дәстүрлі ережелері бар екеніне тоқталған А. Әжібаев, осы орайда қажетті мәліметтер агенттіктің сайтында жарияланатынын жеткізді. «Минскіге барып, жеңіп шығатын талантты баланы тауып алуымыз керек. Сондықтан елімізде барлық өнерлі балаларды қамтуға тырысамыз», - деді ол. Беларусь астанасында өтетін байқаудың шарты бойынша байқауға қатысушылар еш жерде жарияланбаған әнді орындауы керек, сондай-ақ 2 минут 45 секундтан 3 минутқа дейінгі композицияны жанды дауыспен айтуы қажет. Жеңімпаз телекөрермендер мен құрамында бес адамнан тұратын қазылар алқасының дауыс беру жолымен анықталады. Айта кетейік, алғаш рет «Балалар Евровидениесі» (Junior Eurovision Song Contest) 2003 жылы Данияда өткен болатын.  
28 шілде 2018 ж. 1 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам