ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІП АШҚАН ЛӘЗЗАТ
Бүгінде елімізде әрбір азаматқа кәсіптің көзін тауып, оны дамытуға мол мүмкіндік бар. Бұл бағытта түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Ләззат Алшағырова жастайынан мал шаруашылығымен етене таныс. Оның әкесі төрт түліктің бабын біледі. Атакәсіпті жалғастыруда. Содан Ләззат өз кәсібін ашуды ойлағанда жылқы бордақылаумен айналысуды дұрыс көрді.
Әуелі отбасымен ақылдасты. Ортақ шешімге келгеннен кейін кеңес алды. Сол жерде «Бизнес-кеңесші» сабағына қатысып, кәсіпкерлік жайында біліктілігін жетілдірді. Бизнес ашудың алғашқы әліппесімен танысқан ол жоспар жасады. Сосын «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталыққа жобасын ұсынып, 6 млн. теңге несие алды.
– Ол қаржыға 20 бас жылқы сатып алдым. Одан кейін бордақылау ісін бастадым. Алдағы уақытта оның басын көбейткім келеді. Бие сауып, алынған өнімді тұтынушыларға ұсынуды көздеп отырмын, – дейді кәсіпкер Л.Алшағырова.
Ләззаттың мал бағуға ыңғайлы жері, қасында көлі бар. Отбасылық кәсіп болғандықтан Ләззатқа ұлы мен жолдасы көмектеседі. Өз ісін енді бастап отырған олардың да алдағы жоспары ауқымды. Мемлекеттік бағдарламалардың бағыт-бағдарын бағамдайды. Енді осы несиені төлеп болған соң инновациялық жобаларға арналған грантқа қатысқысы келеді. Меншігіндегі жер аумағы кең. Сондықтан мұнда жылыжай салуды ойластырып отыр. Қорасында қаз бен тауық бар. Ләззат олардың санын көбейтуді көздеуде. Одан бөлек бие сауып, денсаулыққа пайдалы қымыз сатумен де айналысуды жоспарлауда.
КӘСІПКЕР БҰЛ ОРАЙДА НЕ ІСТЕЙДІ?
– Қазір шағын және орта бизнесті дамыту – негізгі міндет. Біз кәсіпкерлерге және оған ниетті азаматтарға қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты түсіндіреміз. Оған қолдау көрсетеміз. Палатаға келген кез келген азаматқа алдымен кеңес береміз. Одан кейін сұраныстарына сәйкес «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу», «Жобалық оқыту» курстары аясында тегін оқытамыз. Бизнес-жоспар жасап береміз, жобасын қаржыландырғанға, тіпті кейін де сүйемелдейміз. Бұл қызметтердің барлығы да тегін, – дейді бизнес-тренер Асылжан Жолдасбеков.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.