Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУШЫЛАРҒА ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУШЫЛАРҒА ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙЫЛАДЫ

  Биыл қазақстандықтар қажылыққа 14 тамыздан бастап аттанады. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей әуе рейстері арқылы ұшады, – деп хабарлайды  24.kz сайты.
Қазақстандықтардың Сауд Арабиясына аттанатын қажылық сапарына 18 туристік компания қызмет көрсетеді. Олар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биыл 3 мың қазақстандық қажылыққа барады.
«Бес парыздың біреуін өтеуге баратын қазақстандықтардың қауіпсіздігі басты назарда», – дейді сапарды ұйымдастырушылар.
Ұшу тікелей рейс арқылы жүзеге асады. Қойылатын талаптар жылдағыдай – төлқұжаттар, сонымен қатар менингитке қарсы вакцина салдыру. Сол туралы сертификат қолдарында болуы керек», – дейді ҚМДБ қажылық бөлімінің қызметкері Нұрқанат Байзақов.
Сауд Арабиясы қолайсыз елдер қатарына болғандықтан қажылар менингитке қарсы екпе салдыруы міндетті.
«Екпені сапардан кем дегенде 10 күн бұрын алу керек. Сонда ғана әсері болады», – дейді дәрігерлер.
«Сауда Арабиясы ең алдымен менингококк жұқпасына қарсы егуді немесе вакцинаны алуды талап етеді», – дейді «СЭС және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының бөлім басшысы Айнагүл Қуатбаева.
Қажылар парызын шамамен 16-17 күн өтейді.
31 шілде 2018 ж. 1 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам