ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ
Өткен аптаның жұмасында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Құқық қорғау қызметтері орталығында» ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдау шарасын өткізді.
Қабылдау барысында қала әкімі 60-тан астам облыс орталығы тұрғындарының мәселесін тыңдап, әрбірі бойынша дер кезінде тиісті шараларды атқару туралы жауапты сала басшыларына тапсырма берді.
Жалпы, қала әкімі жыл басынан бері «Құқық қорғау қызметтері орталығы» ғимаратында 300-ден астам азаматты қабылдаса, бұдан бөлек аптасына кем дегенде 20 азамат қала әкімінің жеке қабылдауында болады.
«Құқық қорғау қызметтері орталығында» ұйымдастырылатын қабылдауға келген азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасау және ешқандай кедергілер келтірмес үшін, электронды кезек жүйесі қарастырылған. Яғни, қала әкімінің қабылдауына алдын ала жазылудың қажеттілігі жоқ.
Айта кету керек, қала әкімінің барлық орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері де күнделікті өз салалары бойынша тұрғындарды қабылдап, апта сайын тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастырып отырады.
Естеріңізге сала кетейік, әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта қала әкімі, облыс прокуроры, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы және мемлекеттік кірістер департаменті, әділет департаменті басшылары, медиатор, адвокаттар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мамандары тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастырып келеді.
Қала әкімдігі тарапынан қала тұрғындарымен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында қарқынды шаралар қабылданып келеді.
Мысалы, қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары, қоғамдық кеңес, жеке қабылдау және бұдан бөлек қала әкімдігінің ресми веб-порталы, (Facebook, Вконтакте, Іnstagram) әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар мен «Whatsapp» мессенджеріндегі «Open (Ашық) Kyzylorda» жобасы сәтті жұмыс жасап келеді.
Қала әкімінің баспасөз қызметі