ЖИРЕН ЖАМАН ӘДЕТТЕН

Жиында төрағалық еткен қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов алдымен осы бағытта атқарылған іс-шаралар легін баяндап өтті. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі түрлі деңгейдегі отырыстарда барлық мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық оқиғаларына жол бермеу, алдын-алу шаралары жүргізілген. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, тиісті шараларды қолдану туралы қатаң тапсырмалар берілген.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық істерге талдама жасап, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін факторларды атап өтті. Сонымен қатар, қоғамның әрбір мүшесі, әрбір мемлекет қызметшісі бұл кеселмен күресу керектігін баса айтты.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.