Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ОРТАША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ ТАҒЫ ДА КӨТЕРІЛІП, 160 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ОРТАША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ ТАҒЫ ДА КӨТЕРІЛІП, 160 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Елімізде орташа жалақы мөлшері көтерілді. Яғни биылғы жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа жалақысы 162 751 теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде –335,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 42,4%-ға төмен», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствода мәлімденгендей, өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді. Аталған өңірдегі жоғары жалақы – 291,3 мың теңге.

«Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен», – дейді Ұлттық экономика министрлігіндегілер.
01 тамыз 2018 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам