Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙ САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ АЛАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙ САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ АЛАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

    2018 жылдың І тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 152,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда 8,7% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің 2015 жылдың І тоқсанынан бері алғаш рет өсіп отырғанын айта кетуіміз керек.
ҚР бойынша ең көп орташа жалақы Маңғыстау облысында. Аталған аймақта орташа жалақы көлемі бір жыл ішінде 14% өсіп, 282 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ, жалақы бойынша лидерлер қатарына Атырау облысы (279,9 мың теңге, +9,2%), Астана (223,5 мың теңге, +9,9%) және Алматы (187,8 мың теңге, +4,4%) қалалары кірді.
Ең көп жалақыны сақтандыру және қаржы саласындағы мамандар (І тоқсан қорытындысы бойынша 299 мың, бір жылда +2,8%) алып жүр. Сондай-ақ, бұл тізімде ғылыми және техникалық салада жүргендер (255,1 мың теңге, бір жылда +7,2%) бар.
Өнеркәсіп саласындағы мамандардың орташа жалақысының көлемі 223,3 мың теңгеге (бір жылда +11%) жетті. Алайда кен өндіру саласындағы жұмысшылар бірден 366,2 мың теңге алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% көп.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың орташа жалақысы 149,7 мың теңге немесе 459 АҚШ доллары болған еді.


10 мамыр 2018 ж. 1 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам