Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА ҮШ ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ ӘЗІРЛЕНДІ

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА ҮШ ЖАҢА КӘСІБИ СТАНДАРТ ӘЗІРЛЕНДІ

Енді тіс дәрігерлері, клиникалық психологтар мен фармацевттер өз жұмысын жаңа бағдарлама бойынша жүргізеді. Бұл өзгерістер 25 мамандықты қамтиды.

 Жаңа жүйе Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жобасы аясында енгізілді. Оны жүзеге асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Дүниежүзілік банк қолдау көрсетті. Медицина саласындағы жаңа стандарттар әзірленген кезде жұмыс беруші, жоғары оқу орындары және жауапты ведомствоның барлық талаптары ескерілді. Құжат науқастардың медициналық және фармацевтикалық қызметтерге деген сұранысын қамтиды.

Бұл өзгерістер заманауи технологиялар мен емдеу тәсілдерін қолданысқа енгізіп, медицина саласын қарқынды дамытуға септігін тигізеді. Мұндай жаңашылдықтың арқасында Халыққа қызмет көрсету сапасы біршама артады деп күтілуде.

Алмагүл Қауышева, «Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсы» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары:
 - Бұл құжатта отандық медицинаға қажетті мамандардың білімі, машықтары, біліктілігі қандай деңгейде болуы керектігі жазылған. Науқастармен жұмыс жүргізу талаптары да бекітілді. Жұмыс берушілер үшін бұл өте маңызды. Себебі, оларға дәрігерлердің кәсіби деңгейі барынша жоғары болғаны қажет. Жаңа стандарттар тек жұмыс берушілерге ғана емес, жоғары оқу орындарына да қажет. Білім беру мекемелері бұл құжатқа сәйкес медицина саласында жетіспейтін мамандарды даярлайтын болады. Мәселен, қазір клиникалық психологтар тапшы. Оларға қатысты кәсіби стандарт та бұрын-соңды болмаған.

Алмагүл Қауышева, «Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсы» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары:
 - Қазіргі уақытта ауруханаларда клиникалық психологтар тапшы болып тұр. Әсіресе олар ауыр дерті бар науқастармен жұмыс жүргізуге қажет. Мысалы, қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау керек болады. Сонда осы мамандар олармен сөйлесіп, көптеген мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

«Ел медицинасына енгізгелі отырған жаңа стандарттың біреуін әзірлеуге шамамен бір жыл уақыт кетеді», – дейді мамандар. Бұл жаңашылдық өміршеңдігін көрсетсе, жұмыс беруші, жоғары оқу орны мен жауапты ведомство отандық медицинаны алға жетелейтін мамандарды даярлап, саланың дамуын толықтай қамтамасыз ететіні сөзсіз.
 Авторлары: Дариға Ташенова, Асхат Қарақойшиев

Дереккөз: 
24.kz
01 тамыз 2018 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам