МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ - ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) Boxing Monthly журналына өзінің болашақтағы жоспары мен арманы туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Менің бір арманым Рио-да Олимпиада чемпионы болған кезде орындалды. Мен енді өзіме жаңа мақсаттар қойдым. Абсолютты әлем чемпионы болу үшін тынымсыз еңбек ететін боламын. Мен бәріне қолжеткізгім келеді. Бай, миллионер, миллиардер болғым келмейді деп сіздерді алдағым келмейді. Ол жалған болар еді. Мен атақты болып, өз елімнің мақтанышы болсам деймін», - деді Елеусінов.
Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 4 тамыз күні Кардиффте Габор Горбичпен жұдырықтасады. 30 жастағы венгр боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) Елеусіновпен Лондонда 6 шілде күні кездесуі тиіс болатын. Алайда Горбичтің қабағының жарылуына байланысты жекпе-жек өтпеді. Бірақ ол жарақатынан айыққаннан кейін қазақстандық қарсыласымен кездесуге уәде еткен еді. Сондай-ақ, ол жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.