ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ - БҮГІННЕН
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Тиісті сала басшылары, ауыл-кент әкімдері қатысқан жиында 2 мәселе қаралды.
Алдымен қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев жылу маусымының дайындығына тоқталды. Аталмыш мәселеге орай арнайы штаб құрылып, жұмыс қолға алынды. Жалпы қала бойынша магистральдық, ауданаралық және ауданішілік жылу жүйелерінің ұзындығы 186,8 шақырымды құрайды. Бұл жүйелерге көпқабатты тұрғын үйлер, бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер, жеке кәсіпкерлік нысандары мен тұрғын үй қожалықтары қосылған.
Облыс орталығында жылу маусымына дайындық жүргізу үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инженерлік жүйелерді қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді. Биылғы жоспар бойынша ауыз, кәріз су, жылу жүйелері және №2 насостық жылу станциясы қайта жаңғыртудан өтуде. Бұл жұмыстың барлығы 1 қазанға дейін толығымен аяқталады деп жоспарлануда.
– Негізі тексеру барысында тұрғын үйлердің өжірелеріндегі жүйесінің тозығы жеткен 30 көппәтерлі үй белгілі болды. Оның 12-і тұрғын үй пәтер иелері кооперативтеріне, қалғаны иесіз тұрғын үйлер. Иесіз тұрғандарын «Қызылорда тазалығы» ЖШС арқылы қалпына келтірілетін болады, – деді Б.Сәрменбаев.
Сонымен қатар, білім, мәдениет нысандарын жылумен қамтамасыз етудің өзектілігі де назардан тыс қалмады. Бұл бағытта 88,5 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні білім бөлімі «Ырыс» жеке кәсіпкері және «Олжас-2005» ЖШС ұйымдармен келісім-шартқа отырып, бірінші кезекте қажетті отын көлемі алынды. Ал, мәдениет бөлімі «Олжас-2005» ЖШС-і арқылы 26 тонна қатты отынмен қамтамасыз етілуде. Баяндама барысында қала әкімінің орынбасары жылу жайын басты назарда болатынын жеткізді.
Мәжілістегі келесі мәселе бойынша кент, ауылдық округтердегі 4-ші деңгейлі бюджеттің орындалу барысына қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова мәлімдеді.
Ұлт жоспарының 98 қадамын орындау мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Оған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер биылдан бастап мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі ретінде халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктерде енгізілді. Осыған байланысты 2 кент пен 6 ауылдық округ әкімдіктерінің Талсуаттан басқасы өз дербес бюджеттері қалыптастырылды.
– Жарты жылдықтың қорытындысымен кіріс көздері артығымен орындалуда. Бірақ, жоспармен салыстырғанда ең төменгі орындалу көрсеткіші Қосшыңырау, Қызылөзек ауылы болса, жоғары орындағандардың қатарында Ақжарма мен Ақсуат ауылы бар. Айта кету керек, олардың бюджеті осы жылдан қалыптастырылуына байланысты бүгінгі күні салынатын айыппұлдар және сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы бойынша жұмыс өз деңгейінді жүргізілмеуде, – деп түсіндіріп өтті Г.Баймаханова.
Бұдан өзге мәжілісте тұрғындардың жылуға қарызы, қалаға қарасты елді-мекендердің тазалығы, қоршаулар жайы, адам өмірінің қауіпсіздігі, суға кету секілді мәселелер қаралды.
– Мұндағы көтерілген жайттың бәрі жерде қалмайды. Айтылған, тапсырылған әр мәселе орындалуы тиіс. Талап мықта болса, бәрін атқаруға болады, – деп қала басшысы тиісті орындарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.