ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қаладағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға 2 млрд. 210 млн теңге қаралды. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы арқылы Республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласының кәріз насостық стансаларын қайта жаңғырту және модернизациялауға – 400 млн. теңге бөлінді. 2018-2019 жылдар аралығында қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округі және бірқатар шет аймақтардағы электр желілерін қайта жаңғыртуға Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы 3 млрд. 300 млн. теңге және республикалық бюджеттен 600 млн. теңге қаралды. Екі кезеңмен жүзеге асырылытын бұл жоба бойынша ұзындығы 239 шақырым электр желісі жаңартылады және 52 дана жаңа трансформатор, 1 дана электр тарату бекеті салынады.
Білім беру мекемелерінің санын арттыру бағытында Саяхат тұрғын ауданында 300 орындық, Астана тұрғын ауданында 600 орындық, №261 мектепке 150 орындық қосымша ғимарат, Арай тұрғын ауданында 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық мектеп құрылыстарының жоба сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге 38 млн. 700 мың теңге қаралды. Жаппасбай батыр көшесі бойында 600 орындық мектеп құрылысын салуға республикалық бюджеттен 150 млн.теңге, Тасбөгет кентіндегі 140 орындық балабақшаның құрылысын аяқтауға 435 млн.теңге бөлінді. Тасбөгет кентінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа емхана, Досан ауылында медициналық бекет салынады.
Қызылорда қаласында халық саны тұрақты өсіммен сипатталады.
Осы ретте жер алу кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру мақсатында жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға республикалық бюджеттен – 1 млрд. 156 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге, 150 гектар жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымын салуға қажетті 3 млрд. теңгеге жоба-сметалық құжаттары дайындалып мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ағымдағы жылы осы аумақтың электр желілері құрылысына республикалық бюджеттен 300 млн. теңге және сыртқы сумен жабдықтау желіліерінің құрылысына 655 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар толық аяқталған уақытта 1 мың 267 азаматтарымыз жер телімімен қамтамасыз етілетін болады.