Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНЫҢ СУРЕТІН ЖЕЛІГЕ САЛҒАН ЖІГІТТІҢ ФОТОСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНЫҢ СУРЕТІН ЖЕЛІГЕ САЛҒАН ЖІГІТТІҢ ФОТОСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

  25 жастағы жігіт үйленгеніне үш толуын атап өтіп, Twitter-дегі парақшасына тойдың суретін жүктеді. Бірақ, оған әдеттегі құттықтаулар мен жағымды пікірлердің орнына көптеген таңқаларлық сұрақтар қойылды

Үйлену тойындағы сурет желіге жарияланғалы көптеген оқырмандар ол суретке қызығушылық танытты. Мәселе, суреттегі көріністе болып түр. Себебі, ол фотода бір мезетте болған қайғылы және көңілді сәт көрсетілген.

Жас жұбайлар Англияның Шеффилд қаласында тұрғанымен, тойларын АҚШ-тың Чикаго қаласында жасады. Сол жылғы жаз өте ыстық болды. Атаулы күнді ұмытылмастай өткізгілері келген жас жұбайлар да қонақтар мен туыстары да дайындыққа көп күш жұмсап, шаршап қалды.

Сондықтан, діни қызметкер «күйеу жігіт қалыңдықты сүйе берсеңіз болады» деген кезде, гүрс еткен дауыс естілді. Сөйтсе, күйеу жігіттің әпкесі Грейс қатты ыстықтан жүрегі қысылып кетіп, есінен танып қалыпты. Абырой болғанда, ешқандай қайғылы оқиғасыз бәрі жақсы өтті. Фотограф жас-жұбайлардың сүйіскенін суретке түсіріп үлгергенімен, бірақ сол күнгі оқиға ұмытып кетті.

«Үш жыл бұрын өмірлік махаббатыма үйлендім, ал сол күні менің әпкем есінен танып, құлап қалды»,-дейді жас жігіт.

Бірақ фотограф үйлену тойының суреттерін жібергенде, Кевин осындай маңызды сәтте еденге құлап жатқан әпкесін көрді. Негізі, құлап жатқан адамға күлу дұрыс емес, бірақ жігіт өзін-өзі ұстап алмай, суретті көріп әбден ішек-сілесі қатты. Ол үш жылдық мерейтойын дәл осы суретпен атап өтпекші болды. Және пікір білдірушілер де бұның әлемдегі «ең керемет үйлену тойының суреті» екенін айтты.

Бұл туралы life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
06 тамыз 2018 ж. 1 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам