Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МҰНДАЙ БАҚЫТТЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ: ЕҢ ҚЫСҚА НЕКЕ 15 МИНУТҚА СОЗЫЛДЫ

МҰНДАЙ БАҚЫТТЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ: ЕҢ ҚЫСҚА НЕКЕ 15 МИНУТҚА СОЗЫЛДЫ

     Дубайлық жастардың неке одағы әлемдегі ең қысқа неке болып отыр. Күйеу жігіт сүйіктісімен некелескеннен кейін 15 минут өтпей жатып ажырату туралы шешім қабылдаған.

Бұл туралы Oddity Central хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мүмкін, көпшілігі ер адамды әйелімен дәл осылай тез ажырасуға не итермеледі, деп қызығушылық танытып отырған шығар. Оның жауабы қарапайым. Жас жігіт сүйіктісімен ақшаға бола, яғни қалыңдықтың әкесіне төлеуге келіскен қалыңмалға бола ажырасқан. Жас жігіт пен қалыңдықтың әкесі той алдында неке келісімшартына қол қойған. Оған сәйкес күйеу жігіт сүйіктісінің әкесіне 30 мың долларға жуық ақша беруі керек болатын. Олар күйеу жігіттің ақшаны бөліп төлейтініне келіскен екен. Яғни, жас жігіт жартысын келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, ал қалғанын неке қиылған соң төлеуі тиіс болған.
Алғашында күйеу жігіт қалыңдықтың әкесіне ақшаның жартысын беріп, өз уәдесінде тұрды. Бірақ жас жұбайлар сот ғимаратынан шыққаннан кейін, қайын атасына шұғыл түрде қалған ақша керек болып қалыпты. Содан ол ақшаның жарты бөлігін алғысы келетінін тікелей қонақтардың көзінше айтқан. Қонақтардың алдында қызарып қалған күйеу жігіт оған көліктегі ақшаны алып келу үшін бес минут уақыт беруін сұраған.
Бірақ ашкөздік қайын атасының санасын жаулап алған көрінеді. Ол күйеу баласына достарының бірін тезірек ақшаға жіберуін талап еткен. Ал, ерлердің бұл қақтығысы дәл қонақтар мен туыстарының көз алдында болған. Осындай жағдайдан кейін, күйеу жігіт өзін «қорланғандай» сезінген.
Нәтижесінде, күйеу жігіт әйелімен бірге сот залына қайта оралып, некенің қиылғанына 15 минут өтпей жатып, ажырасу туралы өтініш білдірген. Осыдан кейін, жігіт қалыңдықтың әкесіне оның қызын әйелі ретінде көргісі келмейтінін айтқан. Осылайша, бір адамның ашкөздігі жаңадан құрылған отбасының шаңырағын шайқалтты.
31 мамыр 2018 ж. 2 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам