Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОСТАНАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА РОБОТ-МҰҒАЛІМ САБАҚ БЕРЕТІН БОЛАДЫ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА РОБОТ-МҰҒАЛІМ САБАҚ БЕРЕТІН БОЛАДЫ

  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «Озат» IT-лицейінде және қалада салынып жатқан бірқатар нысандарда болып қайтты.

Бұл туралы Қостанай жаңалықтары басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Лицей оқушыларын қандай жаңалықтардың күтіп тұрғанын «Озат» ақпараттық технологиялар лицейінің директоры Ерлан Бекішев айтып берді.

Енді лицейдің бірінші қабаты түгелдей IT-технологияларға арналатын болады. Бірінші қабаттағы жөндеу жұмыстары 90% -ға орындалған. Қазіргі уақытта мектеп ұжымы жаңа жабдықтардың келуін күтуде. Мұнда мобильдік сыныптар жасалып оқушылар күн батареяларымен, 3D-модельдеу жұмыстарымен айналысатын болады. Сондай-ақ, әкімге IT-технологияларға арналған лицейдің бірінші қабаты көрсетілді.

«Бұл жылы оқушыларға робот сабақ беретін болады. Ол толық автономды түрде жұмыс істейді. Бұл робот оқушылармен логикалық диалог орнатады және олардың кез-келген сұрағына жауап бере алады. Жақын уақытта роботты Қостанайға жеткізуі керек », – дейді лицей директоры Ерлан Бекішев.

Бұдан басқа, лицейде анимация және кинематография студиясы ашылады. Сондай-ақ, «Озат»-та киберспорт бойынша чемпиондарды дайындайтын болады және тақырыптық кабинет ашылады. Сонымен қатар, залда оқушылар мен олардың ата-аналары сабақ кестесін қарайтын және өз жобаларының тұсаукесерлерін өткізетін LED экраны орнатылады.
06 тамыз 2018 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам