Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОСТАНАЙДА ТЕЛЕДИДАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ҚОСТАНАЙДА ТЕЛЕДИДАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ


Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймаққа инвестиция тарту мәселелері жөнінде маңызды жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытай Халық Республикасының НКС Corporation Limited компаниясы жетекшілеріне облыстың инвестициялық тартымдылығы және инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Жиынға облыс басшысы Архимед Мұхамбетов пен НКС Corporation Limited компаниясының вице-президенті Ли Джин қатысты.
Сонымен, қытайлық компания Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта теледидар шығаратын зауыт салу жобасын қарастыруда. Олар бастапқы кезеңде 20 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Аталған зауыттың өндірістік қуаты жылына 600 мың дана болмақ. Алдағы уақытта 500 шақты жұмыс орны ашылуы мүмкін.
«Қостанай облысы - Қазақстандағы біз инвестиция салғалы отырған алғашқы өңір. Қостанай Ресей Федерациясымен іргелес, сондықтан Кеден одағының мүмкіндіктері есепке алынып отыр. Бір жағынан ТМД нарығына шығуға да қолайлы. Жоспарымыз бойынша, зауыттың жылдық сауда көлемі 400 млн доллардай болады деп күтіледі. Өнім саудасының мақсатты нарығы ТМД елдері болып отыр», - деді Ли Джин.
Жиында қытайлық меймандарға Қостанай облысы жайында жан-жақты ақпарат берілді. Географиялық, әлеуметтік, экономикалық жағдайымыз және Индустриялық аймақтың жұмысы, атқарылған, таяу келешекке құрылған ауқымды жоспарлар таныстырылды.
Аймақ басшысы қытайлық компания жетекшілеріне өзара әріптестік қатынасқа қашанда дайын екендігін жеткізді. Ал меймандар, бәрі жоспардағыдай болса, келер жылы-ақ зауытты іске қосуға ықылас танытты. Тек зауыт құрылысын қай тарап міндетіне алатынын компания өз ішінде кеңеспек, бұл жұмыстар бірлескен түрде жүзеге асуы да әбден мүмкін.
Еске сала кетейік, қытайлық компания басшылығын облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған делегация 16-21 шілдеде Бейжің қаласына жасаған іссапары барысында Қостанайға шақырған болатын.

06 тамыз 2018 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам