Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

Елбасы Н.Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында аграрлық саланың алдына стратегиялық маңызы бар екі міндет қойды: еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру және өндірілген өнім экспортын ұлғайту.
Жолдауда айтылған тапсырманың орындалуы аграрлық саланы жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, ауылшаруашылық саласына бейім аймақтардың дамуына және де ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік жағдайының жақсаруына да мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қызылорда облысы 2018-2022 жылдарға арналған «Агрокарта» нақты іс-шаралар жоспарын жасап бекітті.
Іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылдың өзінде құны 7 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
Қазіргі уақытта экспорттық әлеуетті арттыру және өткізу нарығын ұлғайту жұмыстары мақсатты жүргізіліп отыр.
2016 жылы бақша өнімдері экспортын, ал, 2017 жылы көкөніс және мал өнімдері экспортын қайта жаңғыртылды. Ағымдағы жылы мақсары майын экспорттау басталып, алғашқы 11 тоннаны наурыз айында Қытай еліне жіберілді. Жыл соңына дейін тағы 500 тонна май экспорттау жоспарлануда.
Мақсары майы тек Қытай елінде ғана емес, сонымен қатар, Иран мемлекетінде де сұранысқа ие. Сондықтан, алдағы уақытта мақсары дақылын егуге арналған жер аумағын екі есе ұлғайтылмақ.
Буферлік аймақтан шығуымыз бізге мал өнімдерін экспорттауға мүмкіндік берді. Былтырдың өзінде 2 мың бас қойды Араб әмірліктеріне, Иранға және Моңғолияға экспортталды.
Бұдан басқа, бұл бағдарламаны іске асыру үшін «Сыбаға» несие бағдарламасы бойынша арнайы жеңілдетілген және ұзақмерзімді несиелік ресурстар бөлінді. Бұл мал шаруашылығы саласын дамытуға жақсы серпін береді.
07 тамыз 2018 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам