ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ 1068 МЕДАЛЬДЫҢ НЕ СЕБЕПТІ САТЫЛҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ
ҚР Қорғаныс министрлігінің "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін" алған 1068 медалін электронды аукционда сату себебін ведомстводағылар түсіндіріп берді, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл марапат ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа мемлекет өкілдері мен азаматтарына халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытудағы қызметі үшін берілді. Бірақ ол жойылып, орнына "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысымен бекітілген қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті құрту, кәдеге жарату, көму арқылы беру, өткізу және жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) қағидалары бойынша, 2016 жылы "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін" берілген медальдар пайдаланылмаған әскери мүлік ретінде қолданысқа берілді", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері. "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін" медалімен 600-ден аса адам марапатталған екен. Бұл марапат қайтарып алынбайды. "Сіңірген еңбегі үшін алынған медальді сатып алушының қолануы оны құжатсыз тағып жүрумен бірдей жазаланады. Қазіргі таңда "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін" медалі шағарылмайды. Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамуына үлес қосқаны үшін "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі беріледі", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігінің "Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін" алған 1068 медалі электронды аукционда 12 884 теңгеге сатылған еді. Марапаттар бір лотқа қойылған. Сарапшылар алдын-ала марапат бағасын 360 мың теңгеге бағалаған.