Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛТТЫҚ БАНК ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

ҰЛТТЫҚ БАНК ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "ҚР Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы директоры Әсет Мұстафин мәлімдеді.
Ұлттық Банктің шаралары қаржылай көмек ұсынумен ғана шектелмейді. Ұлттық Банк 2015 жылғы сәуір айында қабылдаған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы арқылы 2004 - 2009 жылдар аралығында банктерден алған ипотекалық қарыз алушыларға жәрдемдеседі. Осы бағдарлама барысында Қызылорда облысы бойынша банк филиалдарына облыс халқынан 1,6 млрд. теңге сомасында 424 өтініш түсті. Олардың 299-ы (1,1 млрд теңге)мақұлданып, 285-і (1,0 млрд теңге) қайта қаржыландырылды.
Сонымен қатар, валюта нарығында да ахуал тұрақтанды. Оны халықтың теңгеге деген сенімін ұлттық валютадағы депозиттер көлемінің өсу динамикасынан байқауға болады. Осы жылдың 1 қазанына Қызылорда облысы бойынша жалпы депозиттер көлемі 103,4 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде теңгедегі депозиттердің үлесі 63,7 млрд.теңге немесе 61,6 пайыз.
"Сондай-ақ, ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі доллармен салынған депозиттердің үлесінің одан әрі 38,4 пайызға дейін төмендеуіне ықпал етті. Банктік салымдар бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі теңгедегі депозиттермен салуға қолайлы болып қалуда", - деді "ҚР Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы директоры Әсет Мұстафин.
03 қараша 2017 ж. 1 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам