МАЛ ҚАҒУ ДЕРЕКТЕРІ ОРЫН АЛҒАН
Жол-көлік оқиғасының алдын-алу, жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық әрекеттерді болдырмау, алдын-алу бағытында Қызылорда облысы арқылы өтетін республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент», «Қызылорда-Жалағаш», «Қызылорда-Жезқазған» автожолдарында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінісі қызмет атқарады.
Қазіргі таңда, жоғарыда аталған республикалық маңызы бар автожолдарда ірі қара, жылқы, түйе жануарларының қатысуымен орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары алаңдатып отыр.
Атап айтқанда, бей-берекет жол үстінде жүрген сиыр, жылқы, түйе, т.б. уақ малдарды қуып-айдау жұмыстарын қоса атқарылғанына қарамастан, ағымдағы жыл басынан бері 53 мал қағу дерегі орын алып, салдарынан 2 адам қаза болса, 7 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.