Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТҮРКИЯ ДОЛЛАРДАН БАС ТАРТУҒА БЕЛ БУДЫ

ТҮРКИЯ ДОЛЛАРДАН БАС ТАРТУҒА БЕЛ БУДЫ

   Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ел басшысы Тайип Ердоған түркия-америкалық қарым-қатынасындағы дағдарыс аясында мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын екі есе көтеру туралы шешім шығарылғанын мәлімдеген, санкция бойынша алюминийге 20 пайыз, ал болатқа 50 пайыз, бұл өз кезегінде түрік лирасының тарихи минимумына дейін әлсіреуіне әкеп соқты. Лира долларына 6,62 деңгейіне жетіп, бір тәуліктің ішінде 20 пайызға құнын жоғалтқан.  АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр, оған ел билігінің америкалық пастор Эндрю Брансонды 2016 жылы ұстағаны отқа май құйғандай болды. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркия Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.  "Біз Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімізбен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатырмыз. Еуропа елдері доллардан бас тартқысы келсе, Анкара олармен де осындай есеп айырысуға өтуге дайын", - деді Риза қаласында сөз сөйлеген Ердоған. Онң сөзін Anadolu агенттігі келтіріп отыр.

13 тамыз 2018 ж. 1 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам