БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Шиелі аудандық мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту орталығы және «Шиелі-Самғау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысудың алғышарттары мен жүзеге асырылу барысы жөіндегі ақпараттар беріліп, сұхбаттасу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аталмыш бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес жастар тәжірибесіне 30, әлеуметтік жұмыс орындарына 30, қысқа мерзімді оқу курстарына 160 адам қатысуына мүмкіндік бар екендігі айтылды. Жәрмеңкеге 85 жас қатысып, сала мамандарынан кәсіби кеңес алды және Қызылорда қаласы мен аудан көлеміндегі бос жұмыстарының мәліметтері арнайы тақтаға ілініп, жарияланды.