Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШОТЛАНДИЯ ТӨРІНДЕ ӨТКЕН СПЕКТАКЛЬ

ШОТЛАНДИЯ ТӨРІНДЕ ӨТКЕН СПЕКТАКЛЬ

Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Шотландияның Эдинбург қаласында өтіп жатқан «Фриндж» өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысуда.
Халықаралық фестиваль Эдинбург қаласында 3 тамыз күні басталып, 27 тамызға дейін жалғаспақ. «Ақбаян» спектаклі көрермендерге 6-8 тамыз аралығында көрсетілетін болады.
«Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады және әлем бойынша театр өнеріндегі ең ірі шара болып табылады. Биыл фестивальге әлемнің 50 елінен келген 50 000-ға жуық артист қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальде көрермен назарына 3700 түрлі жанрдағы қойылым ұсынылады.
«Бұл фестиваль театр қоғамдастығында өте беделді әрі танымал, әрине, осы халықаралық іс-шараға қатысу мүмкіндігіне ие болғанымызға және осы алаңда өнер көрсетіп, ұлттық мәдениетті әлемге танытатынымызға өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға және бізге көмектескен, қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысымызды білдіреміз», - деді команданың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір.
Қызылордалық әртістер көрермен назарына «Ақбаян» қойылымын ұсынды. Фестиваль аясындағы қойылым көрсетіліміне Лондондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Спектакль ұлттық билер, ойындар және асық, көкпар, арқан тарту сияқты спорттық сайыстар мен ұлттық киімдер арқылы халық нақышы мен қазақ мәдениетін көрсетеді.
Қоюшы-режиссер - театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір. Суретші-декоратор - Нұркен Қалымбетов. Қойылымдағы әртістердің көпшілігі жастар екенін ерекше атап өту керек. Мысалы Ақбаян рөлінде – Зарина Кенжалы, Қозы рөлінде – Санат Жүзбай, Қодарды - Қанат Архабаев, Қарабайды - Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Бахытбек Темірбеков сомдаса , Мақпал рөлінде - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет қызметкері» төсбелгісінің иегері Залипа Төлепова, Күнікей рөлінде - Ақтолқын Төлеуова ойнады.
«Ұйымдастырушылардың талаптарының бірі – берілген уақыттан аспау. Дүниеге келгенінен басталатын Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу оқиғасын 55 минутқа шақтап, қойылымды «Ақбаян» деп атадық. Қазақи әуен, ұлттық нақыштағы декорациялар, костюмдер мен ойындар көрермендерге ұнады, біз үшін ең маңыздысы да - осы», - деді Хусейн Әмір-Темір.
Жарты ғасырлық тарихы бар Нартай Бекежанов атындағы театрдың репертуарында әртүрлі жанрдағы көптеген пьесалар қойылған. Театрда жастар тобы, қуыршақ театры және драмалық ұжым, барлығы - 50-ге тарта әртіс бар. Осыған дейін театр Түркия, Әзірбайжан және Ұлыбритания сияқты елдерде өнер көрсеткен, енді театр қоржынына Шотландиядағы қойылым да қосылды.


«Ақмешіт-ақпарат».
14 тамыз 2018 ж. 1 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам