Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРДОҒАН ТҮРКИЯДА IPHONE САТЫЛЫМЫНА ТЫЙЫМ САЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ЕРДОҒАН ТҮРКИЯДА IPHONE САТЫЛЫМЫНА ТЫЙЫМ САЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

  Түркия америкалық санкцияларға жауап ретінде АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялайды. Бұл туралы Түркия президенті Тайип Ердоған мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  
"Түркияға қарсы экономикалық шабуыл жүргізіліп жатыр. Бұрын мұндай әрекеттер жасырын түрде жасалатын, ал қазір барлығы ашық түрде жүріп жатыр. Бұл жағдайда бізде екі нұсқа бар: экономикалық және саяси позиция. Экономикалық позицияға келсек, біз қаржы министрілігі мен қазынашылықтың күні-түні жұмыс істеу үшін шараларды қабылдап жартырыз. Сондай-ақ, біз АҚШ-тың электрондық тауарларына бойкот жариялаймыз. Оларда iPhone бар,  Samsung та бар. Ал біздің елімізде өзіміздің телефон маркамыз бар - Venüs Vestel. Соларды қолданамыз", - деді Ердоған. Еске сала кетейік, осыған дейін Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны хабарланған болатын. АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді. 



15 тамыз 2018 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам