Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК МЕРГЕНДЕРІ БАС ҚОСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК МЕРГЕНДЕРІ БАС ҚОСАДЫ

   2018 жылғы 20-25 тамыз аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының аумағында VIII мергендер жұбының «Алтын үкі - 2018» халықаралық жарыстары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алтын үкі» кубогы үшін  Ауғанстан, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан мен Ресей сынды  әлемнің 11 елінен келген үздік мергендер бақ сынасады. Жарыстың бақылаушыларды ретінде АҚШ, БАӘ, Оңтүстік Корея және Түркия елдерінің өкілдері қатысады. Бес күнге созылатын сайысты мергендер әртүрлі қашықтықтан, жылдамдықпен және жылдамдықсыз, тәуліктің түнгі және күндізгі уақыттарында ойлы-қырлы жерлерде бағдар алу мен бүркеу дағдыларын қолдану арқылы нысанаға көздеуден күш сынасады. Алдағы дода «Алтын үкі - 2018» жарыстарының тарихындағы ең ірісі болмақ. Кейбір елдер сайысқа алғаш рет қатысып жатыр. Еске салайық, халықаралық «Алтын үкі» жарыстары 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олар әрдайым өзге сайыстардан ерекшелігімен басым түседі. Доданы жоспарлау мен ұйымдастыру барысында қазақстандық мергендердің АҚШ, Иордания, Белорусь, Ресейде өткен жарыстардан алған тәжірибелері есепке алынды.
15 тамыз 2018 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам