Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛБАСЫ АХМЕТЖАН ЕСІМОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ЕЛБАСЫ АХМЕТЖАН ЕСІМОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

  Қазақстан Президенті «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.
«Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен Қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде, холдингті трансформациялау ісі жалғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін «Қазақтелеком», «Air Astana» және «Қазатомөнеркәсіп» компанияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Ахметжан Есімов.
Нұрсұлтан Назарбаев Қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
17 тамыз 2018 ж. 1 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам